Қазақша   Русский   English
«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы

Авторларға арналған ережелер

Авторларға арналған ережелер

 

«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы бойынша Хабаршы журналында жарияланатын мақалалар 5 және одан артық бет көлемде қабылданады.

Мақала ӘОЖ, ҒТАМР индексімен басталады.

Мақаланың құрылымдық элементтерінің орналасуы:

Мақаланың атауы жартылай боялған 11 өлшемді үлгімен жазылады. Ол атау мақаланың мазмұнын толық ашатындай болуы керек. Тақырып атауының ұзындығы үш жолдан аспауы қажет. Бірнеше сөйлемнен тұратын атауға рұқсат етілмейді. Мақаланың атауларында математикалық немесе химиялық формулалар қолданылмайды, латын, орыс алфавитінің әріптері пайдаланылады.

Авторлардың аты-жөні 11 үлгідегі шрифтпен жазылады.Авторлар атаулары үтірмен ажыратылып жазылады.Әр автордың жұмыс атқаратын мекемесінің толық атауы; елі, қаласы; ғылыми атағы, атқаратын қызметі; электронды поштасының адресі, байланыс телефондары атау септігінде жазылады.

Аңдатпаның көлемі 250 сөз көлемінде жазылады, мақаланың негізгі мазмұнын және ондағы түпкілікті нәтижені қысқаша баяндайды. Сонымен қатар мақаланың атауын, авторлардың аты-жөнін, жұмыс орнын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылады. (кегль – 11)

Түйін сөздер (10-нан көп емес). Түйін сөздер (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылады (кегль – 12).

Мақала мәтіні. Автор мақаланы жазғанда мына құрылымды сақтауы керек: мақалада алға қойылған міндет пен мәселені қысқа тұжырымды баяндау; оның негізгі мазмұныны, алынған нәтижені талдауы және бұрын мәлім тұжырымдармен оны салыстыруы, ұсыныстар мен қорытындылары жазылады.

Мақаланың мәтіні Word мәтіндік редакторымен теріледі. Times New Romanшрифтімен жазылады. Сол жығы-3 см, оң жағы-1,5 см, төмен және жоғары тұсынан 2,5 см қалдырылады. Абзац - 0,5. Барлық формулалар MathType 6 формуласы бойынша беттің ортасына теңестіріліп толық теріледі. Формулалардың нөмірі оң жағынан қойылады.

Кестелер жұмыс бетінің шегінде орналастырылуы керек. Кестелерді келесі бетке ауыстырғанда атуын да қоса жазу қажет. Кестенің атауы беттің ортасына сәйкестендіріліп жазылады, кестенің номері беттің сол жағына көрсетіледі.

Диаграммалар мен графиктер кестелерді қайталамауы керек. Иллюстрациялар (суреттер, диаграммалар, графиктер, фотосуреттер) мақала мәтінініңішіне логикалық баяндалуына қарай үйлестіріле орналастырылады. Мәтін ішінде еске сақталуына қарай нөмірленеді. Иллюстрациялар түсінікті болуы және қайта қолдануға тиімді болуы қажет. Суреттерді JPEG, TIFF үлгісінде қолдануға рұқсат етіледі.

Иллюстрациялардағы жазулар мәтінмен сәйкес болуы керек. Мәтіндегі әр суретке кем дегенде бір сілтеме болуы керек.

Мәтіндегі суреттерді сканерлеп пайдаланғанда бір дюймге 300 нүктеден артпайтын шекпен қолдануға болатыныны ескерілуі тиіс.

Суретке арналған жазулар мәтінге қосымша қарап жатпай-ақ түсінуге болатындай толық ақпарат берерлік деңгейде жазылады.

Мақалаға қосымша библиографиялық тізім. Сілтемелердің реттік нөмірлері мақала мәтініне сәйкес квадрат жақшаның ішіне жазылады. Мақалаға қосымша библиографиялық тізімде мәтінде қолданылуына қарай орналастырылады. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімінде 2-3 шетелдің (алыс шетелдің) авторларынан алынған сілтемелер міндетті түрде көрсетіледі. Соңғы 10-15 жылдағы шыққан әдебиеттер сілтемеде нұсқалады.

Анықтама телефоны: 8-701-141-3535

Жауапты хатшының электрондық почтасы: zhanarkaznpu@mail.ru