Қазақша   Русский   English
«Халықаралық өмір және саясат» сериясы

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨМІР ЖӘНЕ САЯСАТ» СЕРИЯСЫ, «ХАБАРШЫ»ЖУРНАЛЫНА БАСЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРДЫ БЕЗЕНДІРІЛУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

I. Қажетті материалдар

1. Жеке өз аттарынан жариялайтын докторанттар, магистранттар және студенттер үшін ғылыми жетекшінің рецензиясы болуы керек.

2. Мақала авторларының саны-4 артық емес.

3. Автор (авторлар) туралы мәліметтерді қамтитын, Хабаршы журналының электрондық Форма толтырылады: тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны (қала, ұйымның/ЖОО толық атауы және қысқартылған атауы), ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы, білім алушылар үшін – докторант, магистрант немесе студент, e - mail, байланыс телефоны; мақалаға аннотациялар, 3 тілдегі түйінді сөздер.

II. Мақалаларды рәсімдеу ережелері.
Мақала мәтіні MS Word редакторында бір интервал арқылы терілуі тиіс; Парақ форматы: 210 x 297 mm (A4); жиектері: жоғарғы, төменгі, оң, сол жақ – 2 см; мақала беттері нөмірленбейді; қарпі: Times New Roman (Қаз., орыс. мен ағыл. көлемі - 11 пт; жоларалық интервал – бір; абзацтың бірінші жолының шегінісі-0, 75 см.; 
Мақаланың басында МРНТИ (интернетте GRNTI) көрсетілуі керек. Тақырып мәтіннен бос орынмен бөлінеді. Тақырып үстінде автордың аты-жөні (қою курсивпен), төменде жұмыс, оқу орны бойынша лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, одан кейін аннотация 100-150 сөз және түйінді сөздер (үш тілде) көрсетіледі; ескертпелер мен әдебиеттер тізімі мақала мәтінінің соңында көрсетіледі. 
Word редакторында орындалған суреттер объект ретінде салынуы (топтастырылуы) тиіс; кестелер мен суреттердің атауы болуы және нөмірленуі тиіс (10 қаріп, курсив). Мәтінде нөмірі көрсетілген кестелер мен суреттерге сілтеме беру керек. Кестелердегі мәтін дизайны: интервал бір, шрифт 10 Times New Roman, курсив. Мақала мәтіні ені бойынша пішімделуі тиіс.
Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында орналастырылады және жұмыстарды атап өту тәртібіне (толассыз нөмірлеу) сәйкес жасалады. Мәтіндегі әдебиетке сілтемелер осы жұмыстың әдебиет тізіміндегі нөміріне сәйкес келетін нөмір түрінде "шаршы" жақшада ресімделеді. Дәйексөздерді пайдаланған кезде дереккөз бетін міндетті түрде көрсету керек, мысалы: [1, 138 б.], интернет-дереккөздерді пайдаланған жағдайда дереккөзге және жүгіну күніне сілтемені көрсету.
Мақалаларды басып шығару (тарату) тілдері - қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдер. Редакцияға келіп түскен мақалаларды білім саласы бойынша 2 жетекші маман мен ғалым рецензиялайды. Рецензия негізінде редакциялық алқа авторға мақаланы жетілдіруді немесе жариялаудан бас тартуды ұсынуы мүмкін. Бұрын жарияланған немесе басқа басылымдарға берілген мақалалардың қолжазбалары қабылданбайды. Мақаланың ұсынылатын көлемі - 5 беттен кем емес және 8 беттен артық емес. Олай болмаған жағдайда, мақаланың көлемі туралы мәселе журналдың редакциясымен келісілуі керек. Мақала мәтініне енгізілетін иллюстрациялар, схемалар, кестелер мәтіннің жалпы көлемінде ескеріледі.
Материалдарды дайындауға, ұсынуға және жариялауға байланысты барлық мәселелер бойынша журналдың редакциясына хабарласу қажет.