Қазақша   Русский   English
«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы

Хабаршы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы журналы тарихы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнің Хабаршы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы журналы тарихы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi Хабаршы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы журналы 2000 ж. бастап жылына төрт рет шығады. Редакция алқасында біршама шетелдік ғалымдар бар. Атап айтқанда: PhD, проф. Вирджиния Мартин (АҚШ), PhD, проф. Клаудиа Чанг (АҚШ), т.ғ.д., проф. Қара Әбдіуақап (Түркия),т.ғ.д., проф. О.Д. Осмонов (Қырғыз Республикасы),т.ғ.д., проф. В.М. Козьменко (Ресей Федерациясы), проф. М.Майер (Германия), т.ғ.д., проф. А.Б. Соколов (Ресей Федерациясы), т.ғ.д. Томохико Уяма (Жапония), т.ғ.д., проф. Т.Ходжаоглы (Түркия).

Журнал Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлiгiнде 2009 жылы мамырдың 8-де тiркелген №10102 – Ж.

Білім және ғылым саласында қадағалау және аттестациялау жөніндегі комитеттің 2005 ж. №476 «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесіне». 2003 ж. 26 маусымдағы №433-3 ж бұйрығына толықтыру енгізу туралы бұйрығы негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ тарихи ғылымдары бойынша (07.00.00. мамандығы) Хабаршы БҒСҚАК тізіміне енгізілген. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы «Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы» ғылыми журналын импакт-факторға сәйкестендіріпенгізуге бағытталған ҚР НЦНТИ талаптары бойынша журналдарды толығымен, талапқа сай рәсімделген 2009 жылдан басталған сандары аталған мекеме сайттарында тіркелген. (сайттары: ntisti411@list.ru; Ұлттық ресурстар бөлімі АО НЦГНТЭ dodnti@mail.ru). Сонымен қатар журналдын әр номері шыққаннан кейін web_info @kaznpu.kz сайтына жіберіледі. Осы арқылы Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы ғылыми журналдар бөліміндегі «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы Хабаршы деген бөлімде журналдың электронды нұсқасы толықтай жарияланған. (сайт.www.kaznpu.kz). Журнал талаптарында аңдатпа жүз сөзден кем емес қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде берілген.

Журналдың кейбір сандарында мақалалар қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қырғыз, неміс тілдерін де жарық көрген. Шетелдік тарихшы ғалымдар мақалалары жарияланып тұрады. Студенттер мен магистранттарға оқу үрдісінде тарихи процестерді талдауға және ақпарат алуға мүмкіндік туғызатын отандық көрнекті тарихшы ғалымдар мақалалары жиі жарияланып тұрады. Сонымен қатар магистранттар мен докторанттар ғылыми жұмыстарының қорытындысы ретінде ғылыми мақалалар жарияланып тұрады. Ғылыми жетекшілер пікірі тіркеледі.