Қазақша   Русский   English
«Педагогика ғылымдары» сериясы

Құрметті, авторлар!

Абай атындағы ҚазҰПУ «Хабаршы – Вестник – Bulletin» журналының «Педагогикалық ғылымдар» сериясы, ҚР БжҒМ ККСОН және «Ғылыми-техникалық ақпараттардың ғылыми орталығының» педагогикалық ғылымдар бойынша зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялау тізіміне енген ғылыми журнал.

Журналда профессор-оқытушылардың, докторанттар мен магистранттардың және ҒЗИ қызметкерлерінің мақалалары төмендегідей рубрикалар бойынша қабылданады:

  1. Педагогика мен білім берудің әдіснамалық мәселелері
  2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі дәстүр мен инновациялар
  3. Орта және орта білімнен кейінгі білім беру: оқыту мен тәрбие мәселелері
  4. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мәселелері

Мақала көлемі Автордың аты-жөні, аңдатпа, мақала мәтінін, әдебиеттерді қоса есептегенде – 5 беттен кем, 15 беттенартық болмауы керек. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінде қабылданады

Магистранттардың мақаласы, ғылыми дәрежесі бар авторлармен бірге жазылған жағдайда ғана жарияланады.

Журналдың бір санында 1 автордан, 2 мақала ғана қабылданатындығын ескертеміз

Журналға келіп түскен барлық мақалалар, университетіміздің антплагиат бағдарламасында тексеріліп, 70 % жоғары түпнұсқа болған жағдайда қабылданады. Барлық мақалалар жасырын рецензиялаудан өткізіледі.

Журнал жылына 4 рет шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан)

Мақалаларды қабылдау мерзімі 1 квартал - 10 ақпанға дейін, 2 квартал – 10 мамырға дейін, 3 квартал – 10 қыркүйекке дейін, 4 квартал – 10 қарашаға дейін.

Журналға жариялау құны: Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылары, докторанттары мен магистранттары үшін бір бет 1000 (мың теңге) тенге, ал басқа ЖОО үшін, бір бет 1500 (бір мың бес жүз) теңге.

Журналда «Ғалым мерейтойы» деген бөлім бар (суретімен қоса жарияланады) бір бет үшін – 5000 теңге;

Редакция мақаланы қабылдаған соң, төмендегі реквизит бойынша «Банк Центр Кредит» тің кез-келген бөлімшесінен төлем жасауға болады, реквизит пошта арқылы жіберіледі

Мақала қабылданбастан бұрын, төлем ақы жасалынбайды, төленген жағдайда ол бойынша шағым қабылданбайды Қабылданған мақалалар бойынша төлемақы кешіктірілген жағдайда, келесі номерлерге қалдырылады. ҚР бойынша авторларға журналды пошта арқылы жеткізу құны, 800-1200 теңге (қажет болған жағдайда). Жақын және алыс шетел үшін тариф жеке қарастырылады.

Мақалалар vestnikkaznpu@mail.ru электронды адресі бойынша қабылданады

Барлық сұрақтарға электронды пошта арқылы жауап беріледі

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Мақала мәтіні Word 2003-2007, ал диаграммалар, графиктер Excel 2003-2007 бағдарламасы бойынша төмендегі параметрлерге сәйкес қабылданады:

  • индекс МРНТИ (межгосударственный рубрикатор) мақаланың сол жақтағы жоғарғы бұрышына қою әріптермен жазылады;
  • Авторлар туралы мәлімет Аты -жөні, аффилиация (қызмет орны), тұрғылықты қаласы, елі және электронды поштасы курсивпен ортасына жазылады;
  • Мақаланың тақырыбы, үлкен әріптермен ортаға жазылады;
  • Мақала қай тілде болса, ең бірінші сол тілде аңдатпа және тақырыптың түйін сөздері, содан кейін қазақ, орыс, немесе ағылшын тіліндегі аңдатпа жазылады, көлемі (100-150 сөз);
  • Мақала А4 – форматында, «Times New Roman» әріптерімен – 12 шрифт, суреттер, диаграммалар – 10 пт, аралық интервал – 1; отступ первой строки абзаца – 0,5 см.;
  • Парақтың барлық жағы – 2 см;
  • Кестенің сілтемесі, астына жазылып, беті көрсетіледі

Мақаланың құрылымы IMRAD талаптарына сәйкес болуы керек:

1. Кіріспе;

2. Зерттеудің әдіснамасы;

3. Зерттеу нәтижелері;

4. Талқылау (зерттеу нәтижесін талқылау).

5. Қорытынды

Әдебиеттерге сілтеме тік төртбұрыш жақшаның ішінде көрсетіледі ( реттік санына қарай) алынған мәліметтің номері, беті т.б. (мысалы: [1, с. 15]);

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың жалпы санының ішіне кіреді және мақаланың соңында реттік санына қарай жазылады. (әдебиеттер саны 10 -н аспауы керек Web of Science и/или Scopus тізіміне кірген журналдарды қоса есептегенде. Әдебиеттерді рәсімдеу стандартқа сәйкес болуы керек ГОСТ 7.1:2003 (үлгі берілген)