Қазақша   Русский   English
«Педагогика ғылымдары» сериясы

Мақалаларды қабылдау және рецензиядан өткізу тәртібі

1. Журналға келіп түскен барлық мақалалар рецензиялаудан бұрын, мәтіндік талдаудан өткізіледі. Тексеру жауапты редактор арқылы Абай атындағы ҚазҰПУ «Шапағат» орталығында «Антиплагиат» бағдарламасынан өткізіледі. Мәтінді талдау нәтижесі 70 % өзіндік ерекшелігін көрсетуі керек. Егер, аталған көрсеткіш төмен болған жағдайда, мақала авторға қайтарылады, автор қалаған жағдайда қайта толықтырылып, кемшіліктер түзетіліп, тексеруден қайтадан өткізіледі.

2. Мәтіндік талдаудан тиісті көрсеткішпен өткен мақалалар педагогика саласы бойынша 2 ғалым-маманға пікір жазуға жіберіледі. Рецензиядан өту барысында мына мәселелерге көңіл бөлінеді: тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы, ерекшелігі және құрылымдық сәйкестілігі. Рецензиялаудың нәтижесі бойынша редакция алқасы мақалаларды қабылдау немесе авторға қайтару туралы шешім қабылдайды. Бұрын басқа басылымдарда жарық көрген мақалалар қабылданбайды. Мақаланың бет саны 5 беттен кем, 15 беттен артық болмау керек. Мәтіннің ішіндегі кестелер, суреттер жалпы бет санына кіреді және, фотосурет түрінде орналастырылуы қажет.

3. Редакция алқасы, мақаланы қабылдағаннан кейін, авторларға төлемақы жасау үшін реквизит жібереді, төлем жасалып, түбіртектің көшірмесі журналдың почтасына жіберіледі.