Қазақша   Русский   English
«Педагогика ғылымдары» сериясы

Абай атындағы ҚазҰПУ – дың Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясының қалыптасу тарихы 1978 жылдан басталады. Аталған жылы Абай атындағы Педагогикалық инститтуттың Педагогика кафедрасының базасында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын беру бойынша К113.03.01. арнайы кеңес құрылуына байланысты ғылыми еңбектерді жариялау басталды (жауапты редактор: п.ғ.д., профессор Г.А.Уманов, жауапты редактордың орынбасары Н.Д.Хмель). Осы жинақ КСРО ЖАК үшін кандидаттық және докторлық диссертациялар бойынша ғылыми мақалаларды жариялау үшін ғылыми басылым болды.

1992 жылы Абай атындағы АлМУ-да педагогика ғылымдарының докторы ғылыми атағын беру бойынша Д113.03.01 арнайы ғылыми кеңесі ашылуына орай, докторлық диссертациялардың нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар жариялау жоғарыда аталған жинақта басылып отырды. Жинақ 2000 жылға дейін шықты. Кафедраның ғылыми басылымының қалыптасып дамуына п.ғ.д., профессорлар Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Г.К.Нургалиева, К.К.Жампеисова, Л.К.Керимов, А.Д.Кайдарова және т.б. үлкен үлес қосты.

2001 жылдан бастап Абай атындағы АлМУ-дың Хабаршы («Психология-педагогика ғылымдары» сериясы) шығарыла бастады. 2003 жылы университеттің атауының өзгеруіне байланысты Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы журналы «Педагогика ғылымдары» сериясы деген атпен жұмысын жалғастырды.

Әр түрлі жылдары журналдың бас редакторлары ретінде белгілі ғалымдер п.ғ.д., профессор Г.А.Уманов, (2000ж. дейін), п.ғ.д., профессор К.К.Жампеисова (2000-2008 ж.), п.ғ.д., профессор Л.К.Керимов (2008-2010жж.), п.ғ.д., профессор Т.М.Баймолдаев ( 2010-2015 жж.), 2015 жылдан бастап, осы уақытқа дейін п.ғ.д., профессор К.К.Жампеисова. журналдың әр номеріне шығару бойынша үлкен жұмыс атқарған жауапты хатшылар п.ғ.к., профессор Б.Р.Айтмамбетова, п.ғ.к., доцент Л.П.Илларионова, п.ғ.д., профессор А.Д.Кайдарова, п.ғ.к., доцент С.Г.Тажибаева қызмет атқарды.

Білім және Ғылым саласын бақылау комитетінің шешімі негізінде (Бұйрық №433-3 ж 26 маусым 2003ж.). Абай атындағы ҚазҰПУ - дың Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы педагогика ғылымдары бойынша диссертациялық жұмыстардың ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдардың тізіміне енгізілді және Білім және Ғылым саласын бақылау комитетінің шешімі негізінде мерзімі ұзартылды (Бұйрық №1082 10.07.2012ж.).

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінде тіркелген (8 мамыр 2009ж. №10104-ж). Журнал «Ұлттық мемлекеттік ғылыми – техникалық сараптама орталығының» АҚ базасына кіреді.

Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ – дың Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы жылына 4 рет жарық көреді. Журналдың бас редакторы: п.ғ.д., профессор К.К.Жампеисова, редактордың орынбасары п.ғ.к., профессор Ш.Ж. Колумбаева, жауапты хатшы п.ғ.к., қауымдасатырылған профессор Б.А.Киясова. Журналдың редакция алқасына алыс және жақын шетелдердің және Абай атындағы ҚазҰПУ –дың ғалымдары кіреді.

Журнал, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, ғылыми қызметкерлер, PhD докторлар және докторанттардың, магистранттардың, ҚР білім беру саласы барлық деңгейіндегі ұйымдары жетекшілерінің мақалаларын төмендегі бағыттар бойынша жарыққа шығарады:

  1. Педагогика мен білім берудің әдіснамалық мәселелері
  2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі дәстүр мен инновациялар
  3. Орта және орта білімнен кейінгі білім беру: оқыту мен тәрбие мәселелері
  4. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мәселелері