Қазақша   Русский   English
"Педагогика и психология" журналы

Авторларға арналған ережелер

03.05.2021 жылдан бастап журналдың жаңа сайты https://journal-pedpsy.kaznpu.kz сілтемесінде жұмыс істей бастады.

«Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналының авторларға арналған ережелер

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналының негізгі тақырыптық бағыты білім берудің барлық сатылары мен деңгейлерінің қазіргі жай-күйінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жариялау болып табылады.

Журнал ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілген, КазБЦ импакт-факторы бар.

Журналда келесі айдарлар бар: Педагогика және психологияның әдіснамасы мен теориясы; Педагогика және психология тарихы; Қолданбалы психология және психотерапия; Білім берудегі инновациялар, білім берудің мәселелері мен перспективалары; Оқытудың заманауи әдістемелері мен технологиялары; Абай әлемі: білім, ғылым, мәдениет және өнер; Білім, мәдениет және өнер «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде; Рухани жаңғыру: ғылыми, білім беру және мәдени кеңістік.

Журнал жылына 4 рет шығарылады.

Редакциялық кеңес журналдың барлық ғылыми бағыттары бойынша тоқсанның бірінші айының 5-ші күніне дейін (қаңтар, сәуір, шілде, қазан) бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақалалар электрондық форматта (doc, docx, rtf) ұсынылады. Файлдың атауында автордың тегі көрсетіледі (тең авторлар болған жағдайда – бірінші автордың тегі).

Қаріп –Times New Roman, қаріп кеглі – 14, теңестіру – мәтіннің ені бойынша, интервал – бір, абзац – 1,25 см, жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ -1 см.

Кестелер, диаграммалар, суреттер форматтауға мүмкіндік беретін форматта ұсынылады (аударманы жүзеге асыру үшін қажет), мысалы: 1 -сурет. Атауы. Кесте 1. Атауы. Кестелер, диаграммалар, суреттер саны ұсынылған мақаланың барлық көлемінің 20%-ынан аспауы тиіс.

Барлық мақалалар екі мәрте соқыр (анонимді) шолудан өтеді.

«Педагогика және психология» журналы редакциясына жіберілген барлық мақалалар «Antiplagiat» жүйесінд тексеріледі, шекті деңгейі 85%, оның ішінде 60% - тұпнұсқалық. Техникалық және басқа да әділетсіз әдістерді падаланып, дұрыс емес қарызға алу мен дәйексөз жасауға, мәтіннің тупнұсқалығын арттыруға жол берілмейді.

Мақаланың құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар:

- ҒТАМР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы) – мақала тілінде;

- мақала авторының тегі, аты, әкесінің аты (бас әріппен курсивпен, аты және әкесінің аты бірінші жазылады) – мақала тілінде;

- электрондық поштаның мекенжайы;

- жұмыс (оқу) орны, қала, ел (мақала тілінде);

- мақала атауы (бас әріптермен ортасында, қою қаріппен) – мақала тілінде;

- аңдатпа (мақала тілінде) 100 сөзден кем емес және 300 сөзден артық емес;

- түйін сөздер / тіркестер (5-10 сөз);

- мақала мәтіні кіріспеден (өзектілігі, ғылыми маңыздылығы, зерттеу мақсаты), негізгі бөлімнен (әдеби шолу, әдістер, нәтижелер) және қорытындыдан (қорытындылар) тұрады);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі қолданылған кезде тізбектелік, төртбұрышты жақшада нөмірленіп келтіріледі. Беттерге автоматты түрде сілтемелер пайдалануға жол берілмейді. Әдебиеттер тізімінде кемінде 15 дереккөз, оның ішінде соңғы 3-5 жылда 10-15 дереккөз болуы тиіс, оның ішінде Scopus және Web of Science базаларынан болу керек;

- References;

- аңдатпалар (басқа 2 тілде, мысалы: егер мақала мәтіні қазақ тілінде болса, аңдатпа (орыс тілінде) және abstract (ағылшын тілінде) 100 сөзден кем емес және 300 сөзден артық емес.

Мақаланың соңында (бір файлда): «Біздің авторлар» және «Мазмұны» (2-қосымша), өтінім (3-қосымша), тізілім (4-қосымша) бөлімдеріне енгізу үшін мәліметтер көрсетіледі.

Барлық материалдар талаптарға сәйкес ресімделіп, мұқият редакциялануы тиіс. Редакциялық кеңес журналға енгізу үшін мақалаларды іріктеуге, мәтіндерді қысқартуға және оларға авторлардың келісімінсіз қажетті түзетулер енгізуге құқылы. Жарияланған мақалалардың авторлары фактілердің дұрыстығына жауап береді. Редакцияның көзқарасы жарияланған материалдар авторларының пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Редакциялық алқа қабылдамаған мақалалар қайта қабылданбайды және қаралмайды.

Мақаланың көлемі (ҒТАМР-ді, атауды, авторлар туралы мәліметтерді, аннотациялар мен түйінді сөздерді есепке алмағанда) 2100 сөзден кем болмауы және 5000 сөзден аспауы тиіс (6-дан 16,0 бетке дейін, 1-бет шамамен 300 сөз). 2020 жылдан бастап мақала көлеміне қойылатын талаптар Scopus деректер базасының талаптарына сәйкес өзгертілді (1-4 қосымшалар).

Бөгде авторлар үшін ұйымдастырушылық мөлшері - А4 форматтағы 1 бетіне 1000 теңге (Абай атындағы ҚазҰПУ авторлары үшін – 700 теңге). Ақы төлеу редакциялық алқаның оң шешімінен кейін «Педагогика және психология» журналына ұйымдастыру жарнасын төлеу» деген белгідегі университеттің банктік шотына (5-қосымша) аудару арқылы жүргізіледі.

Мақала мәтіндерін pedagogika@abaiuniver.kz. электрондық пошта арқылы тіркелген файлмен жіберу керек. Төлемді растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелерін/сканерлерін WhatsApp арқылы жіберуге болады. Анықтама телефоны: 8(727) 291-91-82, +7 (776) 201 5454, +7 (747) 416 5076.

Журналға жазылу «Қазпошта» АҚ арқылы рәсімделеді. Заңды тұлғалар мен жеке жазылушылар үшін Индекс 74253. Журналға қол қойған авторлар редколлегияның шешімі бойынша бір жыл ішінде журналдың екі нөмірінде мақалаларды жариялағаны үшін төлемнен босатылуы мүмкін.

 

Редакциялық кеңес

 

 

 

Қосымша 1

 

МАКЕТ – 2020

(Жиектері: жоғарғы – 2, сол жақ – 3, төменгі – 2, оң жақ-1 см)

 

 

ҒТАХР 14.35.07 (кегль 14)

 

А.Б.ИСАЕВА1, СОАВТОР(ЛАР)2-3 (кегль 14)

 

1Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

(Алматы, Қазақстан), 2-3 ЖОО (қала, ел) (кегль 14)

 

 

Инновациялық білім беру – бәсекеге қабілетті мамандарды

дайындаудағы маңызды бағыт (кегль 14)

 

Аңдатпа

Аңдатпа мәтіні жарияланатын материал тілінде. Көлемі 100-300 сөз (кегль 12)

Түйінді сөздер: сөз / сөз тіркесі; сөз / тіркес; т. б. (кегль 12)

 

  • (өзектілігі, ғылыми маңыздылығы, зерттеу мақсаты). Мәтін [1, 45 б.]. Мәтін. Мәтін [2] (кегль 14).

Негізгі бөлім (әдеби шолу, әдістер, нәтижелер). Мәтін [3, 80 б.]. және т.б. Мәтін. Мәтін [21] (кегль 14).

Қорытынды (қорытынды). Мәтін. Мәтін [22]. Мәтін (кегль 14).

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (кегль 12)

[1] Ньюман Дж. Г. Идея Университета. – Минск: БГУ, 2016. – 208 с.

[2] Проблемы рефлексии. Современные комплексные исследования / Под ред. И.С.Ладенко. Новосибирск: Наука, 2017. – 241 с. [Электронный ресурс]: URL: https://www.sbras.ru / (дата обращения: 09.01.2019).

[3] Темирбаева Д. Счастье и смысл жизни // Психологические проблемы смысла жизни и акме: Электронный сборник материалов Третьей Казахстанской молодежной секции XXIV международного симпозиума, 08.12.2018. – Алматы – Москва: КазНПУ имени Абая – ПИ РАО, 2018. – С.79-82.

т.с.с.

[21] Lorenz A., Madebach A., Jescheniak J.D. Grammatical-gender effects in noun–noun compound production: Evidence from German // Quarterly Journal of Experimental Psychology. – 2018. – Vol. 71(5). – Issue 15. – PP.1134-1149 [Электронный ресурс]: URL: http://journals.sagepub.com/doi/10.1080/17470218.2017.1310916 (дата обращения: 09.01.2019).

[22] Максутова И.О., Таубаева Ш.Т., Момбек А.А. Педагогическая технология: от концепции до модели / Педагогика и психология. – 2018. – № 4(37). – С.123-129.

 

Referenсes (кегль 12)

[1] N'yuman Dzh. G. Ideya Universiteta. – Minsk: BGU, 2016. – 208 s.

[2] Problemy refleksii. Sovremennye kompleksnye issledovaniya / Pod red. I.S.Ladenko. – Novosibirsk: Nauka, 2017. – 241 s. [Ehlektronnyj resurs]: URL: https://www.sbras.ru/ (data obrashcheniya: 09.01.2019).

[3] Temirbaeva D. Schast'e i smysl zhizni // Psihologicheskie problemy smysla zhizni i akme: Elektronnyj sbornik materialov Tret'ej Kazahstanskoj molodezhnoj sekcii XXIV mezhdunarodnogo simpoziuma, 08.12.2018. – Almaty – Moskva: KazNPU imeni Abaya – PI RAO, 2018. – S.79-82.

etc.

[21] Lorenz A., Madebach A., Jescheniak J.D. Grammatical-gender effects in noun–noun compound production: Evidence from German // Quarterly Journal of Experimental Psychology. – 2018. – Vol. 71(5). – Issue 15. – PP.1134-1149 [Ehlektronnyj resurs]: URL: http://journals.sagepub.com/doi/10.1080/17470218.2017.1310916 (data obrashcheniya: 09.01.2019).

[22] Maksutova I.O., Taubaeva Sh.T., Mombek A.A. Pedagogicheskaya tekhnologiya: ot koncepcii do modeli / Pedagogika i psihologiya. – 2018. – № 4(37). – S.123-129.

 

Инновационное образование как важное направление в подготовке специалистов (кегль 12)

 

А.Б.Исаева1, соавтор(ы)2-3 (кегль 12)

1Казахский национальный педагогический университет имени Абая

(Алматы, Казахстан), 2-3Вуз (город, страна) (кегль 12)
 

Аннотация (кегль 12)

  • Текст. Текст. Текст. Текст. (кегль 12)

Ключевые слова: слово/словосочетание; слово/сочетание; и т.д. (кегль 12)

 

Innovative education as an important trend in training

competitive professionals (size 12)

 

А.Isaeva1, collaborators2-3 (size 12)

1Kazakh National Pedagogical University named after Abai

(Almaty, Kazakhstan), 2-3Institute (city, country) (size 12)
 

Abstract (size 12)

Text. Теxt. Теxt. Теxt. Теxt. (size 12)

Keywords: word/phrase, word/phrase, etc. (size 12)

 

 

 

Қосымша 2

«Біздің авторлар» бөліміне енгізу үшін (Кегль 14)

Исаева Әлия Болатқызы кандидат педагогических наук, профессор, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, aliya_isaeva@mail.ru

Исаева Әлия Болатқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, aliya_isaeva@mail.ru

Isaeva AliyaCandidate of Pedagogical Sciences, professor, Abai University, aliya_isaeva@mail.ru

 

«Мазмұн» бөліміне енгізу үшін (Кегль 14)

Исаева А.Б. Инновациялық білім беру – бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы маңызды бағыт ................................................................................

Исаева А.Б. Инновационное образование как важное направление в подготовке конкурентоспособных специалистов в условиях вуза ……………..

Isaeva A. Innovative education as an important trend in training competitive professionals ……….…………………………………………………………….….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3

Назар аударыңыз! Өтінім бір тілде (орыс немесе қазақ тілдерінде) ресімделеді

 

 

«Педагогика және психология» журналына

ғылыми-әдістемелік мақала жариялауға

Өтінім

 

Автордың (соавторлардың) ата-тегі

Исаева Алия Болатовна

Мақала атауы

Инновациялық білім беру – бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы маңызды бағыт

Журналдың жылы және нөмірі

2020, № 3(44)

Бөлімнің атауы

Білім берудегі заманауи мәселелер

Елі

Казахстан

Қаласы

Алматы

Жұмыс / оқу орны

Қазақ ұлттық педагогикалық

Абай атындағы университет, профессор / магистрант

Қызметі

Педагогика кафедрасының меңгерушісі / -

Ғылыми дәрежесі

психология ғылымдарының докторы / -

Ғылыми атағы

профессор / -

Байланыс телефоны

8 777 444 5551

e-mail

aliya_isaeva@mail.ru

Ғылыми этика (плагиат және жалған тең авторлық) қағидаттарының сақталуына кепілдік береміз), сондай-ақ, ұсынылған мақаланың сенімділігі мен бірегейлігіне

 

 

 

Қосымша 4

Тізілім

 

Тізілім «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ға ұсынуға арналған үлгіге сәйкес толтырылады.

Назар аударыңыз! Егер мақала авторлары екі және одан да көп адам болса, тізілім әрбір авторға жеке ресімделеді.

Тізілім кестесін мұқият және дәл толтыруды сұраймыз.

 

1

Журнал шыққан ел

Казахстан, Алматы

2

ISSN

2077-6861

3

Журналдың толық атауы

"Педагогика және псхология» ғылыми-әдістемелік журналы

4

Журналдың шығу мерзімділігі

Жылына 4 рет

5

Жыл, нөмірі, том, басылымы

2020, 3(44 шығарылым)

6

Издательство, место издания журнала

«Ұлағат» баспасының баспаханасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7

Жарияланым авторы (лары)

 

8

Автордың(лардың) жұмыс немесе оқу орны

 

9

МРНТИ коды

 

10

Мақала атауы (үш тілде)

 

11

Аңдатпа жарияланатын материал мәтінінің тілінде

(мысал: қазақ тілінде)

 

 

12

Аңдатпа орыс тілінде

 

Аңдатпа ағылшын тілінде

 

13

 

 

Жарияланатын материал мәтінінің тіліндегі түйінді сөздер (мысалы: қазақ тілінде)

 

Түйін сөздер

орыс тілінде

 

Түйін сөздер

ағылшын тілінде

 

14

Мақала көлемі (беттер)

 

15

Суреттер саны

 

16

Кестелер саны

 

17

Библиографиялық сілтемелер саны

 

18

оның ішінде: қазақстандық авторларға (саны)

 

19

Ққазақстандық авторлардың библиографиялық сілтемелерінің тізімі

 

 

 

 

Қосымша 5

 

ТӨЛЕМ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ