МРНТИ 14.35.09
Абдашова П.О1.
1Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Алматы, Қазақстан
ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ТАҢҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТАРАТУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК ТЕЛЕАРНАЛАР МЫСАЛЫНДА
Аңдатпа
Таңғы бағдарлама - әр адамның жұмыс күнінің басталуы мен күні бойы жағымды энергетика, көтеріңкі көңіл күймен жүруін қамтамасыз етеді. Таңдалған тақырыптың өзектілігі адамзаттың ұйқыдан оянған бойда қабылдайтын ақпаратты саралау, таңғы ас дайындау кезінде қосулы тұратын теледидардағы бағдарламаның адам психикасына қалай әсер ететінін анықтау. Таңертең қызықты бағдарлама табу үшін пульттың батырмасымен түрлі телеарналарды шолып шығамыз. Осы мақаланың мысалында Қазақстандағы таңғы бағдарламалар несімен ерекшеленеді және шетелдік шоулардан айырмашылығы неде екенін зерттеуге тырысамыз. Зерттеу нәтижесін республикалық және өңірлік телекорпорациялардың практикалық қызметінде, “Жаңалықтар”, “БАҚ жүйесі”, “Журналистика психологиясы”, “БАҚ техникасы мен технологиясы” және басқа да салаларда пайдалуға болады.
Кілт сөздер: журналист, телевидение, таңғы эфир, жүргізуші, интервью, формат, бағдарлама, инфотейнмент, аудитория, контент, телеканал имиджі, сюжет, тікелей эфир, кейіпкер, жарнама, праймтайм
Казахский национальный педагогический университет имени Абая
050100, Республика Казахстан, г.Алматы, пр.Достык, 13
Тел.: +7 707 389 89 95
kaznpujournals@abaiuniversity.edu.kz