Қазақша   Русский   English
«Арнайы педагогика» сериясы

Мақалалар үлгісі

Тайжан А.А1 .Кемелханова С.К2.

1Ғылыми жетекшісі, мед.ғ.д.,профессор, 

sozba14@mail.ru

26М010500 – Дефектология мамандығының 2 курс магистранты,

samal.kemelkhanova@mail.ru

Абай атындағы  ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан

 

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ДЕФЕКТОЛОГ-СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ МОДЕЛІ

 

Аңдатпа

 

Эксперименттің анықтаушы кезеңінің мәліметтері. Жоғары оқу орнында білім беру үдерісінде болашақ дефектолог студенттердің танымдық белсенділігін дамыту үлгісі. Педагагогикалық оқу орнында білім беру үдерісінде студенттердің танымдық белсенділігін дамыту үлгісінде нені есепке алу қажеттігі көрсетілген.

Болашақ дефектолог студенттердің танымдық белсенділігінің деңгейін жоғарылату үшін оқытылатын пәннің мазмұны  бағыттарға сай келуі.

Педагогикалық оқу орнында білім беру үдерісінде болашақ дефектолог студенттердің танымдық белсенділігінің деңгейін жоғарылату жүйелік ықпалды талап ететін күрделі міндет ретінде көрініс береді. Осымен байланысты болашақ дефектолог студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың эксперименталды үлгісі студентті оқытудың әр  түрлі кезеңінде және формасында жүзеге асырылатын жүйелік әсер ету ретінде құрылды. Осы үлгіде танымдық белсенділікті жеке құрайтын қажетті нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін жұмыстың түрлі кезеңі мен формасында қолданылады.Әр түрлі форма мен жұмыс әдістерінің өзара байланысы кестеде көрсетілген.

 Кілттік сөздер: оқытудың белсенді әдістері, студенттердің танымдық белсенділігі