Қазақша   Русский   English
"Педагогика и психология" журналы

Мақаланы қарау тәртібі

03.05.2021 жылдан бастап журналдың жаңа сайты https://journal-pedpsy.kaznpu.kz сілтемесінде жұмыс істей бастады.

 

Журнал келесі айдарлардан тұрады: Педагогика және психологияның әдіснамасы мен теориясы; Педагогика және психология тарихы; Қолданбалы психология және психотерапия; Білім берудегі инновациялар; Білім берудің мәселелері мен перспективалары; Оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен технологиялар; «Мәңгілік ел» ұлттық идея аясындағы білім, мәдениет және өнер; Рухани жаңғыру: ғылым, білім беру және мәдени кеңістік, «Жас зерттеуші».

Журнал жылына 4 рет шығады.

Редакциялық алқа журналдың барлық ғылыми бағыттары бойынша, тоқсанның бірінші айының 5-ші күніне дейін, бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды (қаңтар, сәуір, шілде, қазан). Мақалалар электрондық форматта ұсынылады (doc, docx, rtf). Файлдың атауында автордың тегін көрсетеді (бірлескен авторлар болса – бірінші автордың аты).

Шрифті – Times New Roman, кегль – 14, мәтінді ені бойынша тегістеу, аралығы – 1, тармақ – 1,25 см, үстіңгі және астыңғы жақтары – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см.

Кестелер, сызбалар, суреттер анық болуы керек, мысалы: 1 сурет. Атауы. 1 кесте. Атауы. Кестелер, диаграммалар, суреттердің саны барлық мақаланың көлемінен 20% аспауы керек.

Барлық мақалалар ашық (сыртқы және ішкі) сыннан, редакциялық сараптама және бір жақты құпия (анонимді) сыннанөту керек.

Мақала құрылымына қойылатын талаптар:

- ҒТАМИ (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық индексі) – мақала тілінде;

- авторлардың толық аты-жөні (бас әріптер курсивпен, тегі – аты-жөнін алдында) – мақала тілінде;

- электрондық пошта;

- жұмыс (оқу) орны, қала, ел (мақала тілінде);

- мақаланың атауы (ортасында, қалын шрифті, бас әріптермен) – мақала тілінде;

- аңдатпа (мақала тілінде), 100-200 сөз;

- түйін сөздер/сөйлемдер (5-10 сөз), нүктелі үтірмен бөлінеді (мақала тілінде);

- мақаланың мәтіндегі бары: кіріспе (өзектілік, ғылыми маңыздылығы, зерттеудің мақсаты), негізгі бөлім (әдеби шолу, әдістер, нәтижелер) және қорытынды (қорытындылар);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіппен төртбұрышты жақшаларда үздіксіз нөмірленеді; мәтіндегі сілтемелер төртбұрышты жақшаларда жазылады, «//» и «-» арнайы бөлгіштерді пайдалануға жол берілмейді. Автоматты бет сілтемелерін пайдалану рұқсат етілмейді. Әдебиет тізімде соңғы 3 жылдағы 20 деректен аз болмау керек, оның ішінде шетел деректер – 10-нан асу керек. Scopus және Web of Science базаларында жарияланған мақалаларға сілтемелер жасалуы қажет;

- References;

- аңдатпалар (басқа 2 тілде, мысалы: мақаланың мәтіні қазақ тілде болса, аннотация (орыс тілде) және abstract (ағылшын тілде) 100-200 сөз.

Барлық материалдар талапқа сай рәсімделуі және толықтай тексерілуі керек. Редакция алқасы авторлармен келіспей-ақ тақырыптарды өзгерту, мақалалардың мәтіндерін қысқарту мен оларға қажетті стилистикалық түзетулер енгізу құқын өзінде қалдырады. Фактілердің дәлелдігі үшін жарияланып отырған мақалалардың авторлары жауапты. Редакцияның көзқарасы мен авторлардың пікірлері берілген қолжазба материалдарымен сәйкес келмеуі мүмкін. Редакциялық алқасы мен қайтарылған мақалалар қайтадан қабылданбайды және қарастырылмайды. Мақаланың қолжазбалары авторларға қайтарылмайды.

Мақаланың электрондық нұсқасын редакция алқасына жіберуіңізге болады. Мақаланың көлемі (ҒТАМИ, атауы, авторлар туралы ақпарат, аңдатпа және түйін сөздер есептеусіз) 2100 сөздерден кем емес және 5000 сөздерден артық емес болу керек (7-16,5 бет, 1 бет – шамамен 300 сөз). 2019 жылдан бастап мақаланың көлеміне қойылатын талаптар Scopus базасының талаптарына сәйкес өзгереді.